Қоғам

Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылордада өтеді

Биыл Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылорда қаласында өтеді. Сыр өңірі билік пен қоғам арасындағы маңызды диалог алаңына айналмақ. Бұл жиын 2026 жылы астананы Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ұлттық құрылтайдың кезекті V отырысы 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында ұйымдастырылады. Бұл өңір ел үшін маңызды шешімдер талқыланатын стратегиялық алаңға айналады.

Бұған дейін Құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда, екіншісі Түркістанда, үшіншісі Атырауда, ал төртіншісі Бурабайда өткен болатын. Әр жиын тарихи және рухани маңызы бар өңірлерде ұйымдастырылып келеді.

Құрылтай бастамасымен бірқатар маңызды заңдар қабылданды. Олардың қатарында әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, вейп саудасына тыйым салу, сондай-ақ мемлекеттік наградалар мен ономастикаға қатысты өзгерістер бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button