Экономика
Елордада халық көп тұтынатын азық-түлік бақылауға алынды
Астанада халық күнде сатып алатын азық-түліктің кейбір түрлері әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміне уақытша қосылды. Мұндағы мақсат — осы өнімдердің бағасын қымбаттатпай, қолжетімді ету.

Соңғы кезде нан, сүт сияқты күнделікті керек азық-түліктің бағасы жиі өсіп, тұрғындарған наразылығын тудырған еді.
Енді бұл тауарларға:
-
дүкендер 15 пайыздан артық үстеме баға қоса алмайды;
-
өндірушілер мен импорттаушылар дүкендерге қосымша төлемдер төлемейді, сол арқылы шығындары азаяды;
-
өндірушілер мемлекеттен жеңілдетілген тасымал, арзан несие, төмен коммуналдық тариф сияқты қолдаулар ала алады.
Бұл шешім ең алдымен делдалдарға әсер етуі мүмкін, өйткені олардың табысы азаяды. Бірақ қарапайым халық үшін бұл — бағаның тұрақталуы деген сөз, әсіресе табысы төмен азаматтарға пайдалы.
Қысқасы, билік азық-түлік қымбаттап кетпесін деп, бағаны бақылауға алып отыр.



