Қоғам

Астанада кумкват дегустациясы және танымдық экскурсияға қатысыңыз

23 қаңтар күні Астана қаласының ботаникалық бағында нағыз тропикалық атмосфера орнайды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін оранжереяларда кумкват жемісіне арналған ерекше дегустация және танымдық экскурсия ұйымдастырылады. Бұл шара тропикалық өсімдіктер әлеміне саяхат жасап, экзотикалық жемістің дәмін сезінуге тамаша мүмкіндік болмақ.

Іс-шара барысында қатысушылар кумкваттың ерекшелігімен, оның өсірілу жолдарымен және пайдасымен танысып қана қоймай, ботаникалық бақтың оранжереяларында өсетін түрлі тропикалық өсімдіктерді тамашалай алады. Табиғат пен экзотиканы ұнататын жандар үшін бұл күн ерекше әсер сыйлайды.

Экскурсия 23 қаңтар 2025 жылы сағат 15:00-де басталады.

Өтетін орны — Астана ботаникалық бағы, Орынбор көшесі, 14Е.

Билет бағасы келушілер санатына қарай белгіленген: ересектер үшін — 2200 теңге, балаларға — 1600 теңге, мектепке дейінгі балаларға — 1000 теңге, ал студенттер үшін — 1840 теңге.

Ұйымдастырушылар алдын ала жазылу міндетті екенін ескертеді. Жазылусыз іс-шараға қатысу мүмкін емес, себебі орын саны шектеулі. Сондықтан қатысқысы келетіндер ертерек тіркелгені жөн.

Жазылу үшін WhatsApp арқылы +7 707 705 1661 нөміріне хабарласуға болады.

Қыстың қақаған күнінде тропикалық жылу мен ерекше дәм сезінгіңіз келсе, бұл шараны жіберіп алмаңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button