Білім

Астанада Оксфорд хабы ашылады

Биыл Қазақстан астанасында Оксфорд хабы өз жұмысын бастайды. Бұл — Ұлыбританиядан тыс жерде ашылатын Оксфорд университетінің алғашқы білім беру алаңы.

Хаб академиялық ынтымақтастықты, ғылыми зерттеулерді және қазақстандық пен халықаралық сарапшылар арасындағы тәжірибе алмасуды дамытуға арналған орталыққа айналады. Жоба білім беру, ғылым және инновация салаларын ілгерілетуге бағытталған.

Бастама аясында Оксфорд университетінің колледждері мен институттарымен ынтымақтастық орнату, бірлескен бағдарламалар, курстар мен зерттеу жобаларын іске қосу, сондай-ақ Қазақстаннан шыққан студенттер мен ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер жасау жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button