Қоғам
2ГИС арқылы жұмыс табуға болатынын білдіңіз бе?

Вакансияларды көру үшін қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «линзалар» бөліміне кіріп, «Жұмыс»дегенді таңдау керек.
Содан кейін картада бірден ашық жұмыс орындары көрінеді. Әртүрлі салада қызметкерлер ізделіп жатыр: SMM-мамандар, маркетологтар, офис-менеджерлер, педагогтар, компьютер жөндеушілер, даяшылар, сатушыларжәне басқа да мамандықтар бар.
Кез келген ұсынысты басып, жұмыс шарттарымен танысуға болады. Сонымен қатар, жұмыс орнына жолды алдын ала есептеп, қатынауға ыңғайлы ма, жоқ па — соны да бірден бағалай аласыз. Тіпті үйге жақын жерден жұмыс немесе қосымша табыс табуға мүмкіндік бар.
Әзірге бұл қызмет негізінен ірі қалаларда жұмыс істейтін сияқты. Ал сіздің қалаңызда бар ма екен?



