Қоғам

18 жасқа дейінгі тұрғындар автобуста тегін жүре алады: онлайн қалай аламыз?

Астана қаласында және қала маңында тұрып, білім алатын 18 жасқа дейінгі оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Ол үшін тек жол жүруді растау (валидация) қажет. Төменде тегін жол жүруді қалай рәсімдеуге және пайдалануға болатыны қадамдап түсіндірдік.

Кімдер тегін жүре алады?

Тегін жол жүру құқығы:

  • мектеп оқушыларына;
  • колледж студенттеріне;
  • жоғары оқу орындарының студенттеріне (18 жасқа дейін);
  • Астана қаласы мен қала маңында тұрып, оқитындарға беріледі.

Маңызды шарт — әр сапар сайын автобуста міндетті түрде валидация жасау.

Жол жүруді растаудың 2 тәсілі бар

1. Мектеп көлік картасы (пластикалық карта)

Карта валидаторға тигізіледі.

2. Виртуалды мектеп тарифі

Валидация «Avtobys» қосымшасы арқылы жасалады:

  • QR-кодпен;
  • көлік кодын енгізу арқылы;
  • Bluetooth арқылы.

Қалай рәсімдеуге болады?

✅ 1-нұсқа: Мектеп көлік картасы

Қайда рәсімделеді:

  • CTS Орталық кассасында;
  • немесе онлайн өтініш беріп, дайын картаны кассадан алу арқылы.

Мекенжай: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1

Құны: 1200 теңге

Қажетті құжаттар:

  • оқу орнынан анықтама;
  • туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
  • 3×4 фото (1 дана);
  • 16 жасқа дейінгі оқушыларға — ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі немесе паспорты.

Ескерту: 16 жасқа толған оқушылар картаны өз бетінше рәсімдей алады.

✅ 2-нұсқа: Виртуалды мектеп тарифі

Бұл нұсқа толығымен онлайн рәсімделеді және тегін.

Ол үшін:

  1. Смартфонға «Avtobys» қосымшасын орнатыңыз.
  2. Қосымшаға оқушының телефон нөмірі арқылы тіркеліңіз.
  3. Transcard.kz сайтына кіріп, «Электрондық өтініштерді беру» бөлімінде өтініш толтырыңыз және құжаттарды жүктеңіз.
  4. Өтініш тексерілгеннен кейін «Avtobys» қосымшасындағы статус «Стандарттан» «Оқушы» болып өзгереді.

Осыдан кейін виртуалды тарифті пайдалануға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button