Қоғам
Елімізде мүгедектік және асыраушысынан айырылу жәрдемақылары 10% өсті

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 10%-ға артты. Бұл өсім ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюымен байланысты.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері:
-
1-топ – 111 872 ₸
-
2-топ – 89 498 ₸
-
3-топ – 61 021 ₸
Еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері – 72 409 ₸,
асыраушысынан айырылу бойынша – 73 306 ₸.



