Технология

Жалған өндірушілер отандық өндірісті тұралатып отыр

Қазақстанда өзін «отандық тауар өндіруші» ретінде көрсететін, алайда нақты өндірістік базасы жоқ компаниялар саны артып келеді. Олар заңдағы олқылықтарды пайдаланып, мемлекеттік сатып алулар мен қолдау шараларына заңсыз қол жеткізуде.

Мұндай жалған өндірушілер адал кәсіпорындарды нарықтан ығыстырып, өндірістің дамуына кедергі келтіріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл жағдай жұмыс орындарының қысқаруына, бюджетке түсетін салықтың азаюына және инвестициялық жобалардың тоқтауына әкелуде.

Осыған байланысты бизнес өкілдері отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін шұғыл тазартуды және әділ бәсекелестік орнатуды талап етеді.

Аталған мәселеге қатысты нақты деректер алдағы баспасөз конференциясында жарияланбақ. Конференция спикерлері — «ҚАЗЭПИ» қауымдастығының төрағасы Сергей Агафонов пен Қазақстандық изолятор зауытының коммерциялық директоры Татьяна Рыбалко.

Басқа жаңалықтар

Back to top button