Спорт

SENAT OPEN 2026: Астанада шахмат әуесқойларының іріктеу турнирі өтеді

Елордада Senat Open 2026 республикалық турнирінің іріктеу кезеңдері басталады. Жарысқа Эло рейтингі 2000-нан төмен әуесқой шахматшылар қатыса алады.

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Қазақстан шахмат федерациясының» қалалық филиалы Senat Open 2026 іріктеу турнирлерінің сериясын ұйымдастырады. Бұл жоба KazChess федерациясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.

Турнирге шахмат жаттықтырушысы болып жұмыс істемейтін, 2026 жылғы 1 қаңтардағы Эло рейтингі 2000-нан төмен ойыншылар қатыса алады. Іріктеу кезеңдері әртүрлі кәсіби сала өкілдері арасында 7 күн бойы ұйымдастырылады.

Senat Open 2026 турнирі жалпы 4 кезеңнен тұрады. Астана қаласында түрлі кәсіби салалар өкілдері арасында 7 іріктеу кезеңі өткізіледі:
• 7 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлері арасында
• 8 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — ардагерлер арасында
• 14 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — ғылым және білім беру саласы қызметкерлері арасында
• 15 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — мәдениет және өнер саласы қызметкерлері арасында
• 21 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері арасында
• 22 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері (БАҚ) арасында
• 28 ақпан 2026 жыл, сағат 10:00 — күштік және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында.

Барлық ойындар швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрады. Уақыт бақылауы — 10+5.

Финалдық кезең 2026 жылғы 29 тамызда Астана қаласында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button