Елорданың қоғамдық көлігінде жолақысын төлеудің қолжетімді тарифтері

Астана қаласының қоғамдық көлігінде жолаушылар үшін жолақысын төлеудің бірнеше ыңғайлы әрі тиімді тарифтері қарастырылған. Олар жолаушылардың күнделікті қатынау жиілігіне, жүретін бағытына және пайдалану мерзіміне қарай әртүрлі форматта ұсынылады.
Айлық жол жүру тарифтері
Айлық проезднойлар – сапар саны шектелмеген, тұрақты түрде қоғамдық көлікті пайдаланатын жолаушылар үшін ең тиімді нұсқа. Бұл тарифтердің пайдалану мерзімі 1 айдан 3 айға дейін созылады.
Қолданыстағы айлық тарифтер:
• «Қала» – 7 500 ₸
• «Қала + Қала маңы» – 9 500 ₸
• «Үш айлық жол жүру. Қала» – 20 000 ₸
• «Қала + Экспресс» – 10 000 ₸
• «Қала + Қала маңы + Экспресс» – 13 500 ₸
Бұл тарифтер қалаішілік, қала маңындағы және экспресс бағыттарда жүруге мүмкіндік береді.
Тәуліктік жол жүру тарифтері
Тәуліктік проезднойлар – қысқа мерзімге қала ішінде белсенді қозғалатын жолаушыларға арналған. Тариф бірінші валидациядан кейін іске қосылады және тек қалалық бағыттарда жарамды.
Пайдалану мерзіміне қарай:
• 1 тәулік – 500 ₸
• 3 тәулік – 1 500 ₸
• 5 тәулік – 2 000 ₸
• 15 тәулік – 4 000 ₸
Белгіленген мерзім ішінде сапар саны шектелмейді.
Сапар саны шектеулі тарифтер
Бұл тариф түрі қоғамдық көлікті анда-санда пайдаланатын жолаушылар үшін қолайлы. Әрбір валидациядан кейін 60 минут ішінде бір рет ауысып отыруға мүмкіндік бар. Тариф тек қалалық бағыттарда қолданылады.
Ұсынылатын нұсқалар:
• «Ауысып отырумен 15 сапар» – 2 000 ₸
• «Ауысып отырумен 30 сапар» – 4 000 ₸
Сапарлар саны шектеулі болғанымен, пайдалану уақыты бойынша шектеу қойылмайды.
Қайдан сатып алуға болады?
Барлық тарифтерді:
• арнайы кассалардан;
• Kaspi мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.
Қоғамдық көлікті тиімді пайдалану үшін өзіңізге ыңғайлы тарифті таңдап, уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдеңіз.



