Қоғам

«Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Нұра» ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» және «Құқықтық дәріхана» акциясы өтті.

Жиын барысында қала тұрғындары тегін заңгерлік көмек алды. Кәсіби адвокаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарды жеке қабылдап, құқықтық мәселелерді жедел шешуге, заңнаманы жетілдіруге қатысты кеңестерін берді.

Азаматтар үй, мүлік, еңбек, отбасы және басқа да құқықтық сұрақтар бойынша көмек алды. Сонымен қатар, құқық қолданудағы қиындықтар мен заңнамалық тұстарды түсіндіруге ерекше көңіл бөлінді.

Іс-шара барысында тұрғындар заңгерлермен тікелей сөйлесіп, өз құқықтарын қорғау жолдары туралы нақты және практикалық кеңестер алды.

Акцияның негізгі мақсаты – елордалықтарға құқықтық сауаттылықты арттыру және заң көмегін қолжетімді ету.

Елорда тұрғындары акцияны жоғары бағалап, осындай шаралардың жүйелі түрде өткізілуін қалайтындықтарын білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button