Мәдениет
Өз киноңызды түсіргіңіз келе ме? Астанада мастер класс!

Астанада режиссер Фариза Танайдың «Деректі киноға кіріспе» атты шеберлік сабағына шақырамыз. Бұл — кәсіби тәжірибесі болмаса да, нақты өмір оқиғаларын экран тілімен жеткізгісі келетіндерге арналған кездесу.
Бағдарлама қысқаша:
• Тақырып пен кейіпкер: сюжет жоқ сияқты көрінетін жерден оқиғаны қалай табуға болады?
• Практика: үлкен бюджет пен ауқымды командасыз жобаны неден бастау керек?
• Жанрлар: деректі киноның ерекшелігі неде және оның қандай форматтары бар?
Бұл — жай лекция емес, ашық диалог пен жеке тәжірибе алмасуға негізделген формат.
📅 8 ақпан
🕜 13:30
📍 Астана қаласы, ORTA Community
(Мәңгілік Ел даңғылы, 41/1)



