ASTANA TECH CUP – 2026: идеядан инновацияға дейінгі республикалық дода

2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Астана қаласында ASTANA TECH CUP – 2026 республикалық технологиялық чемпионаты өтеді. Іс-шара Қазақстанның барлық өңірінен жиналатын 2500-ге жуық мектеп оқушысы, колледж және жоғары оқу орындары студенттерін біріктіреді.
Чемпионаттың басты мақсаты — жастардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, оларды робототехника, IT, технология және жаратылыстану ғылымдарына тарту, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындау.
ASTANA TECH CUP жеңімпаздары мен үздік командалары әлемдік аренаға жолдама алып, Fibonacci International Robot Olympiad (Анталия, Түркия), VEX IQ Robotics Competition (Сент-Луис, АҚШ) және DroneSoccer (Палм-Спрингс, АҚШ) сияқты беделді халықаралық жарыстарда Қазақстан атынан өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Чемпионат Астана қаласындағы Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өтеді (Сәтбаев көшесі, 2).
8 ақпан күні сағат 08:30–09:30 аралығында қатысушыларды тіркеу жүргізіліп, 09:30–10:00 аралығында салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
ASTANA TECH CUP – 2026 жас дарындарға өз қабілетін көрсетуге, тәжірибе алмасуға және Қазақстанның технологиялық әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға бағытталған маңызды алаң болмақ.



