Қоғам

«Отбасы банкінде» жаңа комиссия пайда болды

Егер пәтеріңізді «Отбасы банкі» арқылы сатып жатса, ақшаны бірден басқа банктегі шотыңызға аударужөнінде алдын ала келісіп алған дұрыс. Ал «Отбасы банкіндегі» ағымдағы шотқа түсіру тиімсіз болуы мүмкін.

Неге?

• Егер сатып алушы қаражатты тікелей басқа банктегі шотыңызға аударса, комиссия соманың 0,3%-ынқұрайды, бірақ 10 000 теңгеден аспайды.

• Ал егер ақша «Отбасы банкіндегі» ағымдағы шотқа түссе, сатушы комиссия төлемейді. Алайда кейін бұл қаражатты басқа банкке аударған кезде, комиссия 0,95% болады және оны сіз төлейсіз.

 Айырмашылықты түсіну үшін:
100 млн теңгені аударған жағдайда комиссия 950 000 теңгені құрайды.

Сондықтан ірі сомадан себепсіз айырылып қалмас үшін, бұл жайтты мәміле жасамас бұрын міндетті түрде ескерген жөн.

Басқа жаңалықтар

Back to top button