Қоғам

«Апайдың үйіне барайықшы»: Астанадағы №99 «Бүлдіршін» балабақшасы

Астана қаласының тұрғыны, Сафияның анасы Мадина Смағұлова жаңа балабақша жайлы әсерімен бөлісті

Баласының балабақшаға қуана баруы – әр ата-ананың ең үлкен арманы. Кейде кішкентай ғана «апайымды сағындым» деген сөздің өзі тәрбиешіге деген сенім мен мейірімнің айқын дәлеліне айналады. Жаңа, заманауи әрі баланың жан-жақты дамуына бағытталған орта табу бүгінде оңай емес. Алайда Астана қаласындағы №99 «Бүлдіршін» балабақшасы көптеген ата-ананың көңілінен шығып отыр. Осы балабақшаның атмосферасы мен артықшылықтары туралы білу үшін өзіміз жол тарттық. Сонда Астана қаласының тұрғыны, Сафияның анасы Мадина Смағұлова өз әсерімен бөлісті.

— Мадина, әңгімемізді басынан бастасақ. Қызыңызды №99 «Бүлдіршін» балабақшасына қашан алып келдіңіз?
— Мен Астана қаласының тұрғынымын. Қызым Сафияны 2021 жылдың қазан айында, жаңадан ашылып жатқан №99 «Бүлдіршін» балабақшасына алып келдік. Ол балабақшаның 9-тобына қабылданды.

— Сафияның балабақшаға бейімделуі қалай өтті?
— Шынымды айтсам, өте тез бейімделді. Балабақша ашылғанына бір жарым жылдай ғана уақыт болса да, Сафия бұл жерге қатты бауыр басып үлгерді. Кейде тіпті үйде отырып: «Апайды көргім келіп жүр, апайды қонаққа шақырмаймыз ба? Апайдың үйіне барайыншы» деп айтады. Бұл — тәрбиешілердің балаларға деген шынайы мейірімін көрсетсе керек.

— Бұған дейін балаларыңыз басқа балабақшаға барған болар? Салыстыра аласыз ба?
— Иә, тұңғыш балаларым бұрын басқа, ескі үлгідегі балабақшаларға барған. Сондықтан салыстыруға болады. Ал №99 «Бүлдіршін» балабақшасының айырмашылығы бірден байқалады: дизайны заманауи, іші өте әдемі, жарық, балаларға қызық болатындай ойластырылған.

— Балаларды ерекше қызықтыратын не бар деп ойлайсыз?
— Мұнда басқа балабақшаларда сирек кездесетін дүниелер бар. Мысалы, Minecraft үйірмесі, сол стилде жасалған ойын аймақтары. Бұл жай ойын емес, балалардың ұсақ моторикасын, қиялын, логикалық ойлауын дамытатын құрал деп ойлаймын. Сонымен қатар тұз шахтасы, құмсалғыш, түрлі дамытушы алаңдар бар — бәрі баланың денсаулығына пайдалы.

— сабақтар мен үйірмелер туралы не айтасыз?
— Балалардың қолы бос болмайды. Робототехника, дамытушы сабақтар, мектепке даярлық — барлығы кешке дейін жүргізіледі. Балалар күні бойы пайдалы іспен айналысады. Қазіргі заманда балаға қажет дағдылардың бәрі осы жерде.

— Мамандармен қамтылуы қалай?
— Бұл да өте маңызды мәселе ғой. Балабақшада логопед пен психолог мамандар бар. Олар балалардың сөйлеу қабілетін, мінез-құлқын, эмоциялық жағдайын дамытуға көмектеседі. Ата-ана ретінде бұл біз үшін үлкен плюс.

— Көп ата-ананы алаңдататын сұрақ — баға. Бұл жағынан қалай?
— Бағасы да көңілге қонымды. Мемлекеттік балабақшалармен бірдей, айына шамамен 30 мың теңгедей. Осындай жағдайы бар, заманауи балабақша үшін бұл өте қолжетімді деп ойлаймын.

— Қорытындылай келе, басқа ата-аналарға не айтар едіңіз?
— №99 «Бүлдіршін» балабақшасының ашылғанына шын жүректен қуанамыз. Бұл — тек баланы қалдырып кететін орын емес, баланың дамуына, бақытты балалық шағына жағдай жасалған орта. Ең бастысы — балам балабақшаға қуанып барады. Ата-ана үшін бұдан артық қандай бақыт керек?

Басқа жаңалықтар

Back to top button