Білім

Жаңа деңгейдегі кәсіби бизнес-тренерлік: Қазақстанда бизнес-білім беру сапасы талқыланады

2026 жылғы 7–8 ақпанда Nazarbayev University базасында Қазақстанның бизнес-тренерлер қауымдастығының мастер-форумы өтеді. Бұл — бизнес-білім беру сапасын, бизнес-тренерлер мен менторлардың рөлі мен жауапкершілігін талқылауға арналған кәсіби алаң.

Форум туралы
• 80-нен астам қатысушы: бизнес-тренерлер, сарапшылар, ЖОО және бизнес-мектеп өкілдері, зерттеу орталықтары
• бизнес-білім беру саласындағы қызмет сапасына, тренингтер нарығының өсуіне және тұрақты нәтижеге деген сұранысқа фокус
• оқытудың кәсіби тереңдігі, этикасы және ұзақмерзімді әсері туралы ашық диалог

Форум тұрақты кәсіпкерлікті дамыту бастамалары аясында жүзеге асады және Абайдың «Толық адам» философиясына негізделген. Бұл тәсіл құндылықтық көзқарасты заманауи ESG қағидаттары мен басқару тәжірибелерімен ұштастырады.

Бағдарламада
• бизнес және кәсіпкерлік білім берудегі негізгі трендтер
• сарапшының рөлі және кәсіби қауымдастықтың күтулері
• бизнес-тренерлердің жеке және кәсіби тұрақтылығы
• өзгерістермен жұмыс, стратегиялық ойлау және құндылықтар

Форум Қазақстанның сертификатталған бизнес-тренерлері мен сарапшыларын біріктіріп, бизнес-білім берудің болашағы мен сапа стандарттары туралы ашық кәсіби диалог алаңына айналады.

Ұйымдастырушылар
• Қазақстанның бизнес-тренерлер қауымдастығы
• Nazarbayev University жанындағы Кәсіпкерлікті зерттеу орталығымен (NURCE) серіктестікте

БАҚ үшін
Бизнес-білім берудегі сапа стандарттарының қалай қалыптасып жатқанын және кәсіпкерлерге арналған білім беру қызметтері нарығының қай бағытта дамып жатқанын ішінен көруге мүмкіндік.

Күні мен уақыты
2026 жылғы 7–8 ақпан
10:00–17:00

Өтетін орны
Астана қаласы, Nazarbayev University
C3 блогы, Red Hall

Байланыс
+7 708 848 55 11
Алия Нурахманова

Басқа жаңалықтар

Back to top button