Экономика
Қазақстандықтарға несие сирек беріле бастады

2025 жылы халыққа берілген несиелердің жалпы көлемі өскенімен, бұрынғыдай қарқынды емес — шамамен 20%. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 24%-ға жуық болған. Қазіргі таңда қазақстандықтардың банктер алдындағы жалпы қарызы 24,8 трлн теңгеге жетті.
Ипотекалық несиелер әлі де алынуда, алайда олардың өсім қарқыны да баяулаған. Тұтынушылық несиелердің өсімі 2024 жылғы 33,5%-дан 2025 жылы 21%-ға дейін төмендеді. Әсіресе кепілсіз жаңа қарыздар қатты қысқарды — оларды рәсімдеу үш есе азайып, өсім дерлік тоқтаған.
Ал айқын өсім көрсеткен жалғыз бағыт — автонесиелер. Бір жыл ішінде олардың көлемі 40%-дан астамға ұлғайып, 4 трлн теңгеге жетті.



