Басты жаңалықҚоғам

Астана мектептері мен колледждерінің оқушылары қашықтан оқуға жіберілді

Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады.

— Ауа райының күрт нашарлауына байланысты 2026 жылғы 12 ақпанда 0–11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттері (9-сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтан оқыту форматына көшіріледі, — деп түсіндірді Астана қаласының Білім басқармасы.

Айта кетейік, 10 ақпанда да қолайсыз ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button