Қоғам
Тоқаев Конституция жобасын референдумға шығарды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Жалпыұлттық дауыс беру 2026 жылғы 15 наурызға белгіленді.

Жарлыққа сәйкес, республикалық референдумға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы шығарылады.
Конституция жобасы ресми түрде 12 ақпанда жарияланады. Референдумды дайындау мен өткізуді Орталық сайлау комиссиясы, сондай-ақ аумақтық және учаскелік комиссиялар жүзеге асырады.
Үкіметке және мемлекеттік органдарға референдумды ұйымдастыру үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.



