Қоғам
Демалыс күндері тиімді бағада жәрмеңке

Астанада 14 және 15 ақпан күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шара 14 және 15 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.
Келушілерге қолайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобустары қатынайды.



