«Су жолымен: Босфордан Ұлы далаға» — елордада халықаралық көрме өтті
Елордада түрік суретшісі Ахмет Өгретеннің табиғат пен су тақырыбына арналған бірегей акварель туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Түркияның танымал акварель шебері Ахмет Өгретеннің «Су жолымен: Босфордан Ұлы далаға» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.
Көрменің кураторы — белгілі қазақстандық суретші Лейла Махат. Экспозицияда автордың су тақырыбы мен табиғат көріністерін арқау еткен туындылары ұсынылған. Суреттер Босфор жағалауының көркем пейзаждарынан бастап, қазақ даласының кеңдігі мен табиғи болмысын бейнелейді.
Көрме Түркия Республикасының Астанадағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл мәдени іс-шара екі ел арасындағы өнер мен мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Өнерсүйер қауым Ахмет Өгретеннің нәзік әрі терең мағыналы акварельдік жұмыстарын Бейбітшілік пен келісім сарайында 2026 жылдың 12 наурызына дейін тамашалай алады.



