Басты жаңалық
Астана 2027 жылы UEFA Конгресін қабылдайды

2027 жылы Астана Еуропа футболының басты басқару жиыны – UEFA-ның 51-конгресін өткізеді. Бұл – Қазақстан футболы үшін тарихи шешім.
UEFA Конгресі – ұйымға мүше елдердің ұлттық қауымдастықтары қатысатын жоғары органның отырысы. Жиында қаржылық есептер бекітіліп, стратегиялық шешімдер қабылданады және ұйым жұмысының негізгі бағыттары айқындалады.
Астананың мұндай ауқымды шараны қабылдауы елдің халықаралық спорт кеңістігіндегі беделін арттырады. Сондай-ақ, бұл оқиға туризмге, инфрақұрылымның дамуына және қазақстандық футболдың ілгерілеуіне оң әсер етеді.



