Экономика

Салық бойынша есеп өткізу мерзімі аяқталуда

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға есеп тапсыру мерзімінің аяқталуына 4 күн қалғанын мәлім етті. 15 ақпан демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты, есеп тапсырудың соңғы мерзімі 16 ақпанға ауыстырылады.

Көрсетілген күнге дейін төмендегі нысандар бойынша есеп тапсыру міндеті туындайды:
101.03-нысан – Төлем көзінен резиденттің табысынан ұсталған КТС бойынша есеп (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
200.00-нысан – Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
300.00-нысан – Қосылған құн салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
400.00, 421.00-нысандар – Акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер үшін есеп (2025 жылғы желтоқсан үшін)
701.01-нысан – Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
710.00-нысан – Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
860.00-нысан – Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
870.00-нысан – Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
880.00-нысан – Цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
910.00-нысан – Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация (2025 жылдың 2-жартыжылдығы үшін)
913.00-нысан – Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)

Сонымен қатар, 20 ақпаннан кешіктірілмей келесі нысандар ұсынылуы тиіс:
328.00-нысан – Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш
851.00-нысан – Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдердің ағымдағы сомаларының есебі

Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі 2026 жылдың 25 ақпанынан кешіктірілмеуі тиіс.
Толығырақ ақпарат – 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button