
СК-Фармация халықпен кері байланысты күшейту және пациенттердің өтініштеріне жедел әрекет ету мақсатында 1439 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін тегін жедел желіні іске қосты.
Қоңырауларды қабылдау уақыты:
•Жұмыс күндері: 09:00–18:30
•Демалыс және мереке күндері: 09:00–13:00
Көрсетілген уақыттан тыс келіп түскен қоңыраулар автоматты түрде тіркеледі. Мамандар тарапынан кері байланыс келесі жұмыс күні беріледі.
Жедел желіге қоңыраулар ұялы және стационарлық телефондардан қабылданады.
Қандай мәселелер бойынша хабарласуға болады?
• Тегін дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды алу тәртібі
• Дәрілік қамтамасыз етуге қатысты мәселелер
• Препараттарды жеткізу және қолжетімділік жайлы сұрақтар
Жаңа жедел желі халыққа қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешуге және ашықтықты арттыруға бағытталған.



