Басты жаңалықҚоғам

Астанада коворкингке қалай тегін баруға болады?

Жауабы қарапайым — қалалық кітапханаға оқырман билетін рәсімдеу жеткілікті.

Пайдаланушылардың айтуынша, кітапханаларда жылдам интернет, тыныш орта және қала бойынша ыңғайлы орналасқан бірнеше филиал бар. Кейбір қалаларда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар да кездеседі. Бұдан бөлек, жеке ноутбугыңыз болмаса, интернетке кіруге арналған компьютерлер қойылған. Ең бастысы — мұның бәрі тегін.

Бұл формат қашықтан жұмыс істейтіндерге, фрилансерлерге және үйден тыс жерде тыныш отырып жұмыс істеу немесе оқу қажет жандарға қолайлы.

Астанадағы кітапханалардың адресін бөлек дереккөзден көруге болады. Басқа қалалар бойынша ақпаратты 2GIS сервісі арқылы табуға мүмкіндік бар.

Сіз мұндай мүмкіндікті білетін бе едіңіз?

Басқа жаңалықтар

Back to top button