Kaspi Магазинде енді кез келген төлем тәсіліне бонус беріледі

Kaspi Магазинде кез келген төлем тәсілімен сатып алсаңыз да бонус алуға болады.
Бұл Kaspi Gold-пен, Kaspi Red+ арқылы, сондай-ақ кредитке немесе бөліп төлеуге жасалған сатып алуларға қатысты. Ал Kaspi Жұма кезінде жоғарылатылған бонустар 60%-ға дейін жетеді.
Мұндай тауарлар арнайы белгішемен көрсетіледі:
• Тауар карточкасында (егер дүкен ең төмен бағаны ұсынса);
• Сатушы атауының жанында;
• Немесе «Акциялар» бөлімінде.
Сонымен қатар «Бонустар» сүзгісін қойып, осындай ұсыныстардың барлығын бірден табуға болады. Егер белгіше тұрса — кез келген төлем тәсілімен есеп айырысқанда жоғары бонус есептеледі деген сөз.
Жиналған бонустарды Kaspi Магазинде, Kaspi Travel-де, «Төлемдер» бөлімінде, сондай-ақ Kaspi QR арқылы төлем жасағанда жұмсауға болады. Яғни іс жүзінде кез келген жерде пайдалануға мүмкіндік бар.



