Саясат

Премьер министр ШОБ пен спорт инфрақұрылым жұмыстарымен танысты

Премьер-министр Олжас Бектенов шағын және орта бизнес (ШОБ) жобалары мен спорттық инфрақұрылымды дамыту барысын тексерді.

Сапар кезінде Премьер-министр «Тәп-тәтті» ЖШС зауытында өндіріс қуатымен танысты. Зауыт заманауи жабдықтармен қамтамасыз етіліп, жылына 5 мың тонна өнім шығарады және 200 жаңа жұмыс орнын ашқан. Қаладағы ШОБ субъектілері 273 мыңнан астам, экономикалық белсенді халықтың шамамен 70%-ы осы салада жұмыс істейді.

Сондай-ақ, Премьер-министр елордалық жаңа шаңғы базасын аралады. 2025 жылы басталған нысан 2026 жылдың қаңтарында пайдалануға берілді. Базада заманауи жаттығу залдары мен тренажерлер, олимпиадалық резервті даярлауға арналған алаңдар бар.

Премьер-министр спорт инфрақұрылымын дамыту елдің олимпиадалық әлеуетін күшейтіп, жастарды бұқаралық спортқа тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Жұмыс сапары барысында ШОБ-ты қолдауды жалғастыру және спорт инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша тапсырмалар берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button