Соңғы екі аптада елде болған маңызды жаңалықтарға қысқаша шолу:

• Наурыз мерекесінде қазақстандықтар 21–25 наурыз аралығында қатарынан 5 күн демалады. Ал 8 наурызға орай 8 және 9 наурыз күндері демалыс болады.
• FlyArystan әуе компаниясы 1 наурыздан бастап қол жүгінің салмағын 5 келіден 7 келіге дейін арттырады. Өлшемі (56×23×36 см) және «бір жолаушыға – бір қол жүгі» талабы өзгеріссіз қалады.
• Енді автокөлікке қалаған мемлекеттік нөмірді ЦОН қосымшасы арқылы онлайн рәсімдеуге болады. Арнайы ХҚКО-ға тек нөмірлік белгіні алу үшін бару қажет.
• Отбасы банкінің жыл сайынғы мемлекеттік сыйақысы 1 наурызда төленеді. Егер салымшы өткен жылы 786 400 теңге жинаса, 157 280 теңге көлемінде сыйақы алады.
• Теміржол билеттеріне жеңілдік карталары енгізілді: 15–25 жас аралығындағы жастарға – 33%, ал 60 жастан асқан азаматтарға – 25% жеңілдік қарастырылған.
• 14 автожол учаскесінде жол жүру ақысы уақытша тегін болды.
• Шағын және микробизнес өкілдерінің салық берешегі бойынша өсімпұлдары мен айыппұлдары кешіріледі. Ол үшін негізгі қарызды 2026 жылғы 31 наурызға дейін толық өтеу қажет.
• Қазақстан азаматтары үшін Үндістанға 30 күнге дейінгі визалар тегін болды. Оны e-Visa онлайн жүйесі арқылы немесе елшіліктерден алуға болады.



