Мәдениет

Қазақстандық тревел-блогер @bydastann әлемде үздік атанды

Қазақстандық тревел-блогер @bydastann халықаралық World Influencers and Bloggers Association (WIBA) қауымдастығының нұсқасы бойынша үздік атанды. Ол әлеуметтік желідегі ең ықпалды тұлғаларға табысталатын WIBA Awards марапатына ие болды.

Ұйымның ресми хатында Дастан Мұхамедрахимнің сыйлық алуға бекітілгені хабарланған. Биылғы марапаттау рәсімі 2026 жылдың 22 мамырында Францияның Канн қаласындағы әйгілі Hôtel Martinez қонақүйінде өтеді. Дәстүрлі түрде бұл кезең әлемдік кино индустриясының басты оқиғасы – Cannes Film Festival күндерімен тұспа-тұс келеді.

WIBA Awards – әлеуметтік медиа кеңістігіндегі көшбасшылар мен пікір қалыптастырушыларды біріктіретін жаһандық сыйлық. Ұйым мәліметінше, жоба 250 миллионнан астам қаралымды қамтиды және 2000-нан астам халықаралық БАҚ-та жарияланады. Ресми медиа серіктесі – Getty Images. Ал 2026 жылғы шара Vogue Italy, ELLE (еуропалық басылымдар) және L’Officiel қолдауымен кеңінен насихатталмақ.

Биыл алғаш рет марапаттау рәсімі OTT платформалар арқылы да көрсетіледі. Бұл – әлемнің түкпір-түкпіріндегі аудиторияға шабытты оқиғалар мен табыс тарихтарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Осылайша, @bydastann халықаралық деңгейде мойындалып, Канн төрінде марапатталатын қазақстандық блогерлердің қатарына қосылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button