Астанада жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді

21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U-17 және U-20 жас санаттары бойынша Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылады. Балуандар бәсекесі Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешені алаңында өтеді.
Біріншілікке елдің барлық өңірінен 1200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Әр салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған балуандар ұлттық құрама сапына қосылып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайды.
Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – жүлдегерлерге алғаш рет ақшалай сыйақы тағайындалуы. Қазақстан күрес федерациясы бастамасымен:
-
U-17: 1-орын – 300 000 тг, 2-орын – 200 000 тг, 3-орын – 100 000 тг;
-
U-20: 1-орын – 500 000 тг, 2-орын – 300 000 тг, 3-орын – 150 000 тг көлемінде сыйақы беріледі.
Жарыстар күн сайын сағат 10:30-да басталады, финалдық белдесулер 18:00-де өтеді. Ашылу салтанаты 21 ақпанда сағат 17:30-ға жоспарланған.



