Елордада конституциялық өзгерістерге арналған дөңгелек үстел өтеді

2026 жылғы 20 ақпанда сағат 11:00-де Астанада «Конституциялық өзгерістер: студенттердің, жастардың, волонтерлердің, ҮЕҰ көзқарасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Іс-шараны Қазақстанның Азаматтық Альянсы өткізеді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы талқыланып, азаматтық қоғам институттарының реформаларға қатысуы, қоғамдық бақылау тетіктері және заң шығару үдерісінің ашықтығы мәселелері қарастырылады.
Отырысқа бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, жастар ұйымдарының өкілдері мен сарапшылар қатысады. Пікірталас қорытындысы бойынша демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.
Өтетін орны: Астана қаласы, Д. Қонаев көшесі 12/1, «Су-жасыл бульвар» БО, 12-қабат, 12-02 кеңсе.
Аккредитация бойынша байланыс: Асель Нурханова, +7 707 839 94 97.



