Астанада дорама мен аниме әуендеріне арналған ерекше кеш өтеді

Кәріс дорамаларын көріп отырып жүрегіңіз елжіреп, саундтректерін қайта-қайта тыңдайсыз ба? Ендеше дәл сол сезімді тірі орындауда сезінгіңіз келмей ме?
21 ақпан күні сағат 19:00-де елордада «Asian Music» концерті өтеді. Бұл кеш сүйікті дорамалар мен анимелердің әсерлі әуендеріне арналады. Көрермендерге фортепианолық каверлер мен жанды орындаудағы саундтректер ұсынылады.
Сахнада – Жайық Басығара және LIVE Band «Arkana». Музыканттар дорама әлеміндегі ең танымал шығармаларды жаңаша өңдеуде орындайды. Бағдарламада «Full House»-тан бастап «Менің аджоссиіме» дейінгі танымал телехикаялардың музыкасы шырқалады. Сондай-ақ аниме жанкүйерлері үшін «Death Note», «Naruto» және Studio Ghibli туындыларының хит саундтректері орындалады.
Кештің басты ерекшелігі – тірі дыбыс пен фортепиано үні арқылы таныс әуендерді мүлде басқа қырынан сезіну мүмкіндігі. Әр композиция көрерменді экран алдындағы әсерлі сәттерге қайта жетелейді.
Концерт Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді. Ұйымдастырушылар – Orda Music, серіктес – kino.kz (25 жыл).
Егер сіз дорама кейіпкерлерімен бірге қуанып, бірге мұңайған болсаңыз, бұл кеш – сол эмоцияларды тағы бір рет жүрекпен сезінудің тамаша мүмкіндігі.



