Қоғам
Астанада үш жаңа автобус бағыттары іске қосылады

21 ақпаннан бастап елордада қаланың маңызды бағыттарын қамтитын үш жаңа автобус маршруты іске қосылады.
Жаңа бағыттар:
- №67 — «Ырыскелді Қажы» мешіті – «Пригородный» тұрғын алабы («Орман парк» ТК);
- №74 — Altyn Besik ТҮК – «Достар-1» тұрғын үй кешені;
- №76 — «Алай» – «Железнодорожный» тұрғын алабы.
Мамандардың айтуынша, №67 бағыт Бұқар жырау көшесіндегі қоғамдық көлік қызметін жақсартып, Қайсенов көшесінің жаңа учаскесін қамтиды. №74 бағыт Айтматов көшесі мен Ұлы дала даңғылының жаңа бөліктерімен жүріп, Айтеке би көшесіне де қызмет көрсетеді. №76 бағыт Пушкин көшесінің көлік қатынасын жақсартып, «Железнодорожный» тұрғын алабын сауда нысандарымен тікелей байланыстырады.
Уақытша өзгеріс:
Сығанақ пен Айтеке би көшелерінің қиылысында бағдаршам орнатылғанға дейін №74 бағыт Қ. Мұхамедханов көшесі бағытына Анет баба көшесі арқылы уақытша қатынайды.
Бағдар сызбаларын Avtobys қосымшасынан көруге болады.



