Экономика
Bereke Bank валюта айырбастауда жаңа мүмкіндікті іске қосты

Bereke Bank валюта нарығындағы ережені жаңартып, мобильді қосымшада «Курс дня – әр күн жаңа тиімділік!» акциясын ұсынды. Енді айырбастау бағамын әр айырбастау пунктінен салыстырып әуре болудың қажеті жоқ.
Акция шарттары:
• 9 ақпан мен 6 наурыз аралығы
• Астана уақытымен 10:30–17:00
• Күн сайын бір валюталық жұпқа арнайы тиімді курс
• Промокодсыз
• Қосымша талаптарсыз
• Бағам автоматты түрде қолданылады
Мысалы, 1000 АҚШ долларын айырбастағанда бағамдағы 2–3 теңге айырмашылықтың өзі 2000–3000 теңге қосымша пайда әкеледі. Ал ірі сомада бұл үнем тіпті айқынырақ сезіледі.
Тиімді сәтті жіберіп алмау үшін «Курс дня» ұсынысын бақылап, қаржылық шешімді дер кезінде қабылдаған жөн. Толық ақпарат банк сайтында жарияланған.



