Астанада LRT жүйесіне платформа кезекшілері қабылданады

Астана қаласында жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін іске қосуға дайындық аясында платформа бойынша кезекші лауазымына қызметкерлерді қабылдау басталды. Бұл – елорданың жаңа көлік жүйесінде жұмыс істеуге ниетті азаматтар үшін жақсы мүмкіндік.
Біліктілік талаптары:
Үміткерлердің жоғары білімі болуы тиіс (мамандық бойынша нақты талап қойылмайды) немесе арнайы орта білімі және көлік саласында кемінде 6 ай жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Сонымен қатар мемлекеттік және орыс тілдерін білу міндетті, ағылшын тілін меңгеру құпталады.
Негізгі міндеттері:
Платформа кезекшісі жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады, жолаушыларға арналған жабдықтардың жұмысын бақылайды. Сондай-ақ платформадағы жолаушылар ағынын реттеп, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
Еңбек шарттары:
Жұмыс беруші есебінен Астана қаласында бір айлық оқу қарастырылған. Оқу кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Қызметке қабылданғаннан кейін ауысымдық жұмыс кестесі енгізіледі. Жұмысқа орналастыру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жүзеге асырылады.
Түйіндемелер CTS ресми сайты арқылы hr@cts.gov.kz электрондық поштасына қабылданады.
Қосымша ақпаратты +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207) телефоны арқылы алуға болады.



