ҚоғамЭкономика

Коммуналдық төлемдерді кэшбэкпен төлеуге болады

Ай сайынғы коммуналдық төлемдерді жай ғана төлей салмай, одан пайда көргіңіз келе ме? Қазір бірнеше банк пен сервис коммуналдық қызметтер үшін кэшбэк ұсынып отыр.

1-тәсіл: Forte қосымшасы
Forte банк картасымен қосымшадағы «Төлемдер» бөлімі арқылы коммуналдық қызметті төлеп, алдын ала осы санатты таңдасаңыз, 5% бонус есептеледі. Айлық максимум — 20 000 бонус, тәулігіне 10 000 бонусқа дейін.

2-тәсіл: Home Credit Bank (Arna және Aspan карталары)
Arna картасымен банк қосымшасы арқылы коммуналдық төлем жасасаңыз, 5% кэшбэк беріледі. Айлық лимит — 15 000 бонус. Бір транзакция сомасына шектеу жоқ. Aspan картасы да 5% кэшбэк ұсынады.

3-тәсіл: #bccpay (Банк ЦентрКредит)
Егер сіз Банк ЦентрКредиттің жалақы жобасына қатысушы болып, #bccpay картасын пайдалансаңыз, коммуналдық төлемдер үшін 10% бонус аласыз. Айлық кэшбэк лимиті — 10 000 бонус.

4-тәсіл: activ «Семейный» тарифі
«Семейный» тарифі қосылған болса, activ қосымшасы арқылы мобильді баланс есебінен коммуналдық қызметтерді төлеп, 20% кэшбэк алуға болады. Айына бір қолданушыға 5 000 бонусқа дейін. Акция 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жарамды.

5-тәсіл: РБК карталары
РБК карталарымен «Төлемдер» бөлімі арқылы коммуналдық қызмет ақысын төлегенде 1,5% кэшбэк есептеледі. Қаражат 15 минут ішінде карта балансына түседі.

Коммуналдық төлемдерді бәрібір төлейміз, ендеше неге оны тиімдірек етпеске?

Басқа жаңалықтар

Back to top button