Қысты планеталар шеруімен шығарып салайық

Астаналықтар 28 ақпан кеште ерекше астрономиялық құбылысты бақылай алады. Бірнеше планета бір сызық бойымен қатар тұрғандай көрінеді, бұл құбылысты астрономдар планеталар шеруі деп атайды.
Ғалымдардың айтуынша, бұл сирек кездесетін көрініс планеталардың орбиталарының Күн айналасында бір жазықтықта орналасуынан пайда болады. Нақты сызыққа түспесе де, Жерден қараған кезде аспанда бір доға бойымен орналасқандай әсер береді.
Бұл жолы аспанда Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурн планеталарын бақылауға болады. Көпшілігі жай көзге көрінеді: Шолпан өте жарық, Юпитер анық байқалады, ал Марс қызғылт реңкімен ерекшеленеді. Сатурн мен Меркурий бинокль арқылы жақсы көрінеді.
Аспанды бақылау үшін ең қолайлы уақыт — күн батқаннан кейінгі 30–90 минут аралығы. Аспан ашық, бұлтсыз болса тіптен жақсы. Сосын дұрысы қала шамдарынан алыс, яғни қаласы сыртына шығып тамашалаған дұрыс. Негізі бұл көріністі аспан картасы қосымшасы «Sky Map» арқылы планеталардың орналасуын оңай табуға болады.
Планеталар шеруі жыл сайын болма бермейтін құбылыс. Сондықтан мүмкіндікті жібер алмаңыз.



