СаясатСпорт

Елордада референдум қарсаңында бұқаралық жүгіру ұйымдастырылды

Жаңа Конституцияға арналған референдум қарсаңында Taldau Run спорттық шарасы өтті. Жүгіру жарысына 400-ден астам белсенді азамат қатысты. Олардың арасында Парламент депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар болды.

Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және елдегі маңызды саяси оқиғаға азаматтардың назарын аудару.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының бастамасымен елде ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция – мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге қатысу мүмкіндігін кеңейтетін маңызды қадам.

Сондай-ақ ол Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығымен 15 наурызда республикалық референдум өтетінін еске салды. Референдумда шешуші сөзді халық айтатынын атап өтті. Сондықтан әр азаматтың дауыс беруі елдің болашағы үшін маңызды екені айтылды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button