Қоғам

Kaspi.kz Таяу Шығыста жүрген клиенттеріне қолдау көрсетеді

Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы «бару–қайту» турларын немесе әуе билеттерін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген не транзиттік жолаушы ретінде сол өңірде қалып қойған клиенттеріне материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.

Өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold картасына күн сайын мынадай мөлшерде қаржылай көмек аударылады:
– әрбір ересек адамға тәулігіне 35 000 теңге
– әрбір балаға тәулігіне 15 000 теңге

Kaspi.kz өз клиенттерімен тұрақты байланыста және оларға қолдау көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Қауіпсіз жерлерде болуларыңызды, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарымен байланыста болып, ресми нұсқауларды қатаң ұстануларыңызды сұраймыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button