Спорт

Астанада 1200-ден астам балуан бақ сынаған ел чемпионаты аяқталды

Астанада U17 және U20 жас санаттары бойынша грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Он күнге созылған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 1200-ден астам жас спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

Биылғы чемпионаттың басты жаңалығы – жүлдегерлерге алғаш рет ақшалай сыйақы тағайындалуы. Жалпы жүлде қоры 60 миллион теңгені құрады. U17 санатында чемпионға 300 мың теңге, U20 санатында 500 мың теңге табысталды. Күміс және қола жүлдегерлерге де қаржылай марапат берілді. Федерация алдағы уақытта барлық жас ерекшелігі бойынша ел чемпионаттарында жүйелі түрде сыйақы қарастыруды жоспарлап отыр. Биыл жалпы жүлде қоры 200 миллион теңгеге жетеді.

Жарыс қорытындысы бойынша өңірлік мектептердің деңгейі айқын көрінді. Грек-рим күресінде U17 және U20 санаттарында Алматинская область көш бастады. Әйелдер күресінде Алматы қаласының командасы екі жас санатында да бірінші орын алды. Еркін күресте U17-де Шымкент қаласы, U20-де Алматы қаласы үздік атанды.

Чемпионатта «Жеңіске деген жігері үшін» және «Үздік әдіс» номинациялары табысталып, бірқатар балуандар арнайы марапатталды. Сондай-ақ жарыстың әділ өтуіне үлес қосқан төрешілер де құрметке ие болды.

Он күндік дода отандық күрестің болашағы жарқын екенін көрсетті. Бүгінгі ел чемпиондары – ертең халықаралық ареналарда Қазақстан намысын қорғайтын жаңа буын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button