
Енді жүргізушілерге көлік техпаспортын ауыстыру үшін СпецЦОН-ға барып, өтініш жазып, мемлекеттік бажды кассада төлеудің қажеті жоқ. Бұл қызметті үйден шықпай-ақ Kaspi.kz қосымшасы арқылы небәрі бір сағаттың ішінде рәсімдеуге болады.
Жаңа сервисті Kaspi.kz командасы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі, ІІМ-нің Ақпараттық-өндірістік орталығы және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп әзірлеген.
Бұл қызмет жүргізушілердің уақытын үнемдеп, құжаттарды рәсімдеу процесін әлдеқайда жеңілдетеді. Енді барлық негізгі қадамдар онлайн форматта жүзеге асады, ал пайдаланушы тек қосымша арқылы өтініш беріп, қажетті әрекеттерді орындаса жеткілікті.
Жаңа техпаспортты онлайн қалай алуға болатыны туралы толық ақпаратты Kaspi.kz қосымшасындағы «Kaspi Гид» сервисінен оқуға болады.



