8 наурызға арналған сыйлықтардың үлкен топтамасы

Аналарға, жарларға, қыздарға, әріптестерге және жақын жандарға қуаныш сыйлау үшін 8 наурыз мерекесіне арналған сыйлық идеяларын жинақтадық.
Эмоция мен әсер сыйлайтын сыйлықтар:
Үйде ерекше тағам дайындап беру, концертке билет, несиесін жауып беру, WhatsApp немесе Telegram-ға арнайы жеке фото-стикерпак жасау, Kaspi немесе «Золотое Яблоко»-дағы себетін толық сатып алып беру, есімі ойылып жазылған әшекей, саяхат, қала сыртындағы демалыс немесе шипажайға жолдама – мұның бәрі ерекше әсер сыйлайтын сыйлықтар.
Техника:
Капсулалық кофемашина, Samsung немесе iPhone смартфоны, AirPods құлаққабы, ноутбук, ақылды колонка, робот-шаңсорғыш, бірден фото басып шығаратын камера, проектор, термомикс, аяққа арналған массажер, ауа ылғалдандырғыш, аэрогриль немесе ыдыс жуатын машина.
Белгілі брендтердің нақты өнімдері:
Insta360 камерасы, Whoop білезігі, Smeg шәйнегі, Dyson стайлері немесе фенi, Dji немесе Hollyland петличка микрофоны, Kindle электронды кітабы, Garmin сағаты, Oura сақинасы, камерасы бар Ray-Ban көзілдірігі, Marshall құлаққабы, JBL колонкасы, Tudor Royal Whitehall немесе Villeroy & Boch ыдыс-аяқтары.
Пайдалы әрі дамуға арналған сыйлықтар:
Биіктігі реттелетін үстел мен жүру жолы, стилистпен бірге шопинг, шет тілдері курсы немесе визаж курсы, шипажайға жолдама, барабан үйрену сабағы, ортопедиялық жастық немесе орындық, ауыр көрпе, телефонға арналған стабилизатор, сақиналы шам.
Сұлулық пен жеке қолдануға арналған сыйлықтар:
Әшекей бұйымдар (сақина, сырға, білезік), йога төсенішi, пижама, чемодан, үй жағдайында маникюр жасауға арналған жинақ, парфюм, брендтік сөмке, әшекей сақтайтын шкатулка, косметика органайзерлері, Zielinski & Rozen, Davines, L’Occitane немесе Rhode брендтерінің сыйлық жиынтықтары.
Хобби мен демалысқа арналған:
Пазл, Lego, «картина по номерам», электронды пианино немесе укулеле.
Сертификаттар мен курстар:
Клининг қызметіне абонемент, стоматологияға сертификат, «Золотое Яблоко» немесе сүйікті дүкеніне сыйлық картасы, сұлулық салонына, SPA немесе массажға сертификат, лазерлік процедура курсы, реформердегі пилатес сабағы немесе техника дүкеніне сертификат.
Егер нақты сыйлық таңдау қиын болса, ақша мен гүл шоғын немесе тәтті сыйлық беруге де болады. Сонымен қатар бұл күні әйел адамды тұрмыстық жұмыстардан, ас әзірлеуден және күнделікті қарбаластан босатып, мерекені толық сезінуге мүмкіндік берген де жақсы сыйлық болмақ.
Төлемді қалай тиімді жасауға болады?
• Kaspi Red+ – 5–9 наурыз аралығында серіктес дүкендерде төлегенде 10% бонус береді.
• AlatauCity Bank – 8 наурыз күні косметика, сұлулық салондары және SPA қызметтері үшін төлем жасағанда 10% бонус береді.
• Bereke Bank – «Меморина» ойынында «Косметика» санатын таңдасаңыз, косметика дүкендерінде 10% бонус алуға болады (максимум 5000 бонус).
Ал сіз бұл тізімге тағы қандай сыйлық қосар едіңіз?



