“Алда кездесерміз”: желідегі жаңа тренд

Отандық “Ғашықпын саған” фильміндегі екі ғашықтың «алда кездесерміз» деген әсерлі сәті соңғы күндері әлеуметтік желіде кең тарап, түрлі тақырыпта косплей форматында қайта түсіріліп жатыр. Қолданушылар фильмдегі романтикалық үзіндіні өз нұсқасында бейнелеп, оны күнделікті өмірмен, түрлі оқиғалармен байланыстырып жариялауда.
Трендтен қоғамдағы маңызды тақырыптар да тыс қалмады. Шығыс Қазақстандық белсенділер аталған форматты пайдаланып, 15 наурызда өтетін референдумға шақырған бейнеролик жариялады. Қысқа уақытта тараған видео желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, көпшілік өз пікірлерін білдіруде.
Пікір жазғандардың бірі қызықты оқиғасымен бөліскен. Оның айтуынша, ол 2022 жылғы президент сайлауына барып, сол жерде болашақ жарымен танысқан. Оқырман бұл оқиғаны әзіл-шыны аралас айтып, “тағдыр кейде күтпеген жерден тоғыстырады” деп жазған.
Әлеуметтік желіде мұндай пікірлер көбейіп, кей қолданушылар маңызды қоғамдық шаралар адамдарды кездестіретін орынға да айналуы мүмкін екенін айтып жатыр.
Ал сіз қалай ойлайсыз — кейде тағдыр адамды дәл осындай сәттерде жолықтыруы мүмкін бе?



