Экономика

Ескі 10 000 теңгелік ақшаны қолдануға тағы бір жыл беріледі

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифингте қазақстандық банктер ескі 10 000 теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімін ұзарту сұрағанын хабарлады.

«Біз бұл мерзімді тағы бір жылға ұзартуды жоспарлап отырмыз. Қаржыгерлер қауымдастығы, яғни екінші деңгейлі банктер бізден осы шешімді қабылдауды өтінді, өйткені сұраныс әлі де жоғары», – деді Сүлейменов.

Бұған дейін ескі 10 000 теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі 2026 жылдың маусымында аяқталуы тиіс еді. Енді олар 2027 жылдың маусымына дейін жаңа банкноттармен қатар айналымда болады.

Айта кетейік, жаңа дизайндағы 10 000 теңгелік банкноттар 2024 жылғы 28 маусымнан бастап айналымға шыққан болатын. Бұл банкноттар 2012 жылғы үлгідегі ескі купюраларды алмастыру үшін енгізілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button