Қоғам

15 наурыз күні автобустар жолаушыларды тегін тасиды

15 наурыз күні Астана қаласында өтетін республикалық референдумға байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аталған күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікті ақысыз пайдалана алады. Мұндай шешім азаматтардың қатынауын жеңілдетіп, дауыс беру учаскелеріне жетуін оңайлату мақсатында қабылданған.

Қоғамдық көлік бұл күні штаттық режимде жұмыс істейді. Автобустар белгіленген кесте бойынша таңғы сағат 06:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қатынайды.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызметін жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button