Білім
AI’preneurs 2026: AI-стартаптарға арналған акселератордың төртінші легіне өтінім қабылдау басталды
Astana Hub жасанды интеллект саласындағы стартаптарды дамытуға арналған AI’preneurs бағдарламасының төртінші легіне өтінім қабылдауды жариялады. Биыл бағдарлама жаңартылған форматта alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының базасында өтеді.

Өтінімдер 2026 жылғы 27 наурызға дейін astanahub.com платформасында қабылданады. Бағдарлама жасанды интеллект саласындағы стартаптарға акселерациялық қолдау көрсетіп, жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.
📌 Толығырақ: gov.kz



