Қоғам

Қазақстанда ақшаны комиссиясыз аударуға болатынын білесіз бе?

Қазақстанда ақшаны басқа банкке аудару үшін әрдайым үлкен комиссия төлеу қажет емес. Кейбір банктер арқылы тіпті мүлде комиссиясыз, ал кейбірінде өте төмен комиссиямен ақша жіберуге болады.

Мысалы, 500 000 теңге аударғанда кейбір банктерде комиссия небәрі 10 теңге, ал кейбірінде 0 теңге болуы мүмкін. Оның үстіне мұндай аударымдарды күніне бірнеше рет жасауға рұқсат етіледі.

Мұның себебі – Қазақстанда соңғы үш жылдан бері Жедел төлемдер жүйесі (СМП) жұмыс істейді. Бұл жүйе арқылы ақшаны телефон нөмірі бойынша бір банктен екінші банкке бірнеше секунд ішінде жіберуге болады. Ақшаны достарыңызға, туыстарыңызға, әріптестеріңізге немесе өзіңіздің басқа банктегі шотыңызға да аудару мүмкін.

Қазіргі уақытта мұндай аударымдар 12 банк арасында қолжетімді. Олардың комиссиялары төмендегідей:

  • HomeCredit Bank — 0 ₸
  • ForteBank — 10 ₸
  • Еуразиялық банк — 5 ₸
  • Банк ЦентрКредит — 0 ₸
  • Bereke Bank — 0 ₸
  • Freedom Bank — 10 ₸
  • RBK Bank — 0 ₸
  • Altyn Bank — 200 ₸
  • Nurbank — 10 ₸
  • Halyk Bank — 200 ₸
  • Alatau City Bank — 0,5% (кемінде 250 ₸)
  • KMF Bank — 200 ₸

Ақшаны қалай аударуға болады?

Жүйе өте қарапайым жұмыс істейді:

  1. Банктің мобильді қосымшасын ашасыз;
  2. «Аударымдар» бөліміне кіресіз;
  3. Алушының телефон нөмірін енгізесіз;
  4. Қай банкке жіберілетінін таңдайсыз;
  5. Аударым сомасын жазып, «Жіберу» батырмасын басасыз.

Аударым лимиті

Бір аударымның ең жоғары сомасы — 500 000 теңге.

Егер дәл осы соманы жіберу мүмкін болмаса, 499 000 теңге деп көрсетуге болады — көбіне операция сол кезде сәтті өтеді.

Сіз осы мүмкіндікті пайдаланып көрдіңіз бе?

Басқа жаңалықтар

Back to top button