Астанада референдумды қолдауға арналған бұқаралық жүгіру өтті

12 наурыз күні елордадағы Ботаникалық бақта алдағы референдумды қолдауға бағытталған бұқаралық жүгіру ұйымдастырылды. Шараға шамамен 2000-ға жуық спортшы мен белсенді жастар қатысты.
Іс-шараға грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері Мерей Мәулетқанов, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит, қалалық мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм және түрлі спорт қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Астана қаласының мәслихат депутаты Арсланбек Мағзұм жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызына тоқталып өтті.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деген сөз бар. Сондықтан өсіп келе жатқан ұрпаққа денсаулықтың қадірін түсіндіру өте маңызды. Бүгінгі жүгіру жарысы алдағы референдумды қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Баршаңызды белсенділік танытып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын», — деді ол.
Жүгіру барысында қатысушылар 2,5 және 5 шақырым қашықтықты бағындырды.
Ал Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтті.
«Бүгінгі жүгіру – 15 наурызда өтетін референдумды қолдауға арналған. Бұл еліміз үшін маңызды саяси оқиға. Ортақ болашағымыз әр азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан баршаңызды референдум күні дауыс беруге келіп, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын. Әрбір дауыс маңызды», — деді ол.
Айта кетейік, Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты референдум 15 наурыз күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өте



