103 жастағы тұрғын референдумда дауыс берді
Байқоңыр ауданының 103 жастағы тұрғыны, тыл еңбеккері Анна Дегтярева референдумда дауыс беріп, азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті.

Байқоңыр ауданының 103 жастағы тұрғыны Анна Дегтярева республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Анна Григорьевна 1924 жылғы 10 желтоқсанда Калинин ауданының Новодонецк ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ерте бастап, 15 жасынан бастап сауыншы болып жұмыс істеген. Балалық шағында анасына көмектесіп, егістік алқаптарында еңбек етіп, егін жинау жұмыстарына қатысқан.
Ол 50 жасында көпбалалы ана ретінде зейнетке шыққан. Анна Дегтярева алты қыз тәрбиелеп өсірген. Бүгінде ол үлкен әулеттің ақылшысы – 16 немере, 40 шөбере сүйіп отыр.
2018 жылдан бері Астанада тұрады. Бір ғасырдан астам өмірінде ел тарихындағы көптеген кезеңдердің куәсі болған тыл еңбеккері бүгін де ел болашағына бейжай қарамай, референдумда дауыс беріп, азаматтық белсенділігін көрсетті.



