Мәдениет

Қайырымдылыққа үлес қос: Астанада қажетсіз заттарды қайда тапсыруға болады 🕊️

Астанада қажетсіз, бірақ жарамды заттарды қайырымдылыққа тапсыруға болатын орындар:

📍 Астана қаласы:

• Like Komek қайырымдылық дүкені (@likekomek) – киім, аяқ киім, төсек-орын жабдықтарын қабылдайды.

• «Dar» қоғамдық қоры (@of_dar) – киім, аяқ киім, балаларға арналған заттар.

• «Club Dobryakov Astana» (@club_dobryakov_astana) – киім, азық-түлік, техника, дәрі-дәрмек қабылдайды.

• «Mereke» қайырымдылық қоры (@bfmereke.ast) – киім және тұрмыстық қажетті заттар.

• «Нур Алем» қоғамдық қайырымдылық қоры (@nur_alem_kazakhstan) – киім мен аяқ киім.

• Darmarka Astana (@darmarkaastana) – киім, текстиль, аяқ киім, мектепке және тұрмысқа қажетті бұйымдар.

• «Algys» қайырымдылық қоры (@algys) – киім, аяқ киім, ойыншықтар, кеңсе тауарлары, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника.

✨ Қазір Рамазан айы болғандықтан, мұндай көмектің маңызы тіпті арта түседі. Артық заттарды беріп, мұқтаж жандарға қолдау көрсету – үлкен сауапты іс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button